"Кореялық тәжірибеге сәйкес мемлекеттік қызметкерлердің компьютерлік сауаттылығын растайтын құжаттарының міндетті түрде болу тәжірибесі енгізіледі және 2009-жылдан бастап еліміздегі барлық мемлекеттік қызметкерлерде осындай сертификаттар болуға тиіс",- деді Т.Төлеев "Қазақстанда ақпараттық теңсіздікті жою жолдары" атты ІТ-конференция барысында.
Ол аталмыш ереженің Қазақстанда ақпараттық теңсіздікті жою жөніндегі 2007-2009-жылдарға арналған бағдарламамен енгізілгендігін атап өтті.
Т.Төлеев сонымен бірге аталмыш бағдарламаға сәйкес мемлекеттің тұрғындарды компьютерлік сауаттылыққа тегін оқыту шараларын ұйымдастыратынын еске салды. "Қазіргі жағдаймен біз 2512 компьютерлік сынып, соның ішінде мемлекеттік салаға арналған 75, бюджеттік ұйымдар мен жұмыссыздарды оқытуға арналған 300, әскерилерді оқытуға арналған 68 сынып аштық"",- деді ол. Т.Төлеев оқыту қорытындысы бойынша тыңдаушыларға тиісті сертификат берілетінін жеткізді. "Ағымдағы жылы біз 593 мыңдай азаматтың компьютерлік сауатын ашпақшымыз",- деді ол.
"2009-жылдың аяғында Қазақстан 20,7%-ке дейін компьютерлік сауаттылық деңгейіне көтеріледі, ал интернетті тұтынушылар саны жалпы халықтың 20%-ін құрайды",- деді Т.Төлеев. ҚР ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің мәліметінше, қазіргі таңда интернетті тұтынушылар саны жалпы халықтың 5%-ін құрап отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті