2009-жылға дейін еліміздегі барлық спутниктік байланыс операторлары «KazSat» жер серігіне көшіріледі

“«KazSat» жер серігін ұшыру бізге қазір шетелдердің жер серіктерін пайдаланып отырған барлық операторларды «KazSat» жер серігіне көшіруге мүмкіндік береді. Байланыс операторлары қазір шетелдік спутниктік ұйымдарға төлеп отырған 25-27 млн. доллар Қазақстан экономикасында қалатын болады”,- деді А.Жұмағалиев.

Оның хабарлауынша, «KazSat-2» жер серігін 2,5 жылдан кейін ұшыру межеленіп отыр. “Қазақстандағы байланыс операторлары мен Орталық Азиядағы операторлар тарапынан дәл осы мерзімге дейін қосымша сұраныс пайда болатыны анық”,- деді агенттік төрағасы. “Жер серігінің қызмет көрсету аймағына араб елдері мен Ресейдің орталық бөлігі қамтылады”. Қазақстанның екінші жер серігі 2014-жылға дейін тұтынушылармен толығады, деді ол.