200-ден астам турист Түркияға демалысқа ұшып кете алмай сенделіп жүр

Бірнеше ай бұрын туристік компаниядан жолдамаларды сатып алған жұрт енді жергілікті бөлімнің табалдырығын тоздырып жүр. Төрт күн бұрын ұшып кетулері тиіс болғанымен түрлі сылтау естіп, діттеген жерлеріне жете алмай қалған. Енді Жерорта теңізінде демалып қайтуды былай қойып, жолдаманың шығынын қалай өтеп аламыз деп жұрттың басы қатып отыр. Прокуратураға арыз жазыпты. Ал фирма басшылығы болса нақты жауап беруден жалтарып кеткен. Айтуларынша, Өскеменнен шығатын чартерлі рейс бұзылып қалыпты. 


Станислав Александров, Өскемен қаласының тұрғыны:

- Мынау компанияның қитұрқы әркетінің кесірінен осы күн ішінде қаншама жүйкемізді тоздырдық. Енді дер кезінде ұшып кетпесек демалысымыз құрыды деуге болады. Мына фирманың бөлімшесін сотқа береміз.