Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығыметов мәлiм еттi.
«Биыл байқау iрiктеуi үш кезеңге дейiн жеткiзiлдi. Бiрiншi кезең аяқталды, кеше Ақордада Мемлекеттiк хатшы Әдiлбек Жақсыбековтiң төрағалығымен республикалық комиссияның отырысы өттi және онда бiздiң 201 азамат Болашақ стипендиясына ие болды. Оның iшiнде 50 пайызы тәжiрибе өтуге, 50 пайызы магистратура бағдарламасына бөлiндi», - дедi ол.
Қазiргi уақытта әлемнiң 30 мемлекетiнде 800 студент техникалық мамандықтрға оқытылуда. Үш жылдың iшiнде 3500 астам техникалық мамандарды даярлау көзделуде.