2010 жылдың соңына дейін Жамбыл облысында боксқа арналған 20 зал мен 62 спорт алаңын ашу жоспарланған

«Біз жасөспірімдердің демалыс орындарын білікті түрде ұйымдастыруымыз керек. Біздің балалардың бүгінгі тәрбиесі ертеңгі еліміздің болашағы ғой», - дейді аймақ басшысы Қанат Бозымбаев.

2009-2010 оқу жылының соңында облыс бойынша жалпы білім беру мекемелерінің жанында 103 897 бала қатысатын 6 717 үйірме болған.

Оның ішінде 29 773 бала 1 508 спорт үйірмелеріне баратын.

Ал Таразда дәл сол кезде 27 894 бала ат салысатын 1 207 үйірме болған, оның ішінде 4 375 баланы спортқа баулыған 188 спорт үйірмелері бар. Сонымен қатар, қазіргі кезде қалада үш аула клубтары жұмыс істейді.

Жамбыл облысында 180 мың оқушы білім алып жатқан 465 жалпы білім беру ошағы бар.