2010 жылы әлемдегі миллионерлер саны 12% артқан

Миллионерлердің басым бөлігі АҚШ-та (5,2 млн), Жапония (1,53 млн) мен Қытайда (1,11 млн) тұрады.

Сингапурлік миллионерлер халықтың 15,5 пайызын құрайды. Бір миллион доллардан астам қор жинаған сингапурліктердің саны 2010 жылы 33% өскен.
Еуропалық миллионерлердің басым бөлігі Швейцарияда тұрады. Онда халықтың 9,9 пайызының жиған қоры миллион доллардан асады.