"2010 жылға дейін ерекше қорғаудағы табиғат аймақтарын 1,3 млн гектарға дейін ұлғайтып, оны 8,5% жеткізуді жоспарлап отырмыз. Осы арқылы біз Халықаралық табиғат қорғау одағы ұсынған 10% межеге жақындаймыз", - деді А. Құрышбаев.
Оның мәліметтеріне сүйенсек, "қазіргі уақытта республикада ерекше қорғаудағы аумақтардың жалпы көлемі 21 млн гектарға немесе жалпы республика көлемінің 7,7% жетеді".
А. Құрышбаев 2007 жылы орман шаруашылығын қалпына келтіру жұмыстары 41 мың гектар аумақты қамтығанын, ол 2002 жылғы көрсеткіштен 3 есе көп екенін жеткізді.