Бұл туралы бүгін ҚР Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов мәлім етті.
«2010 жылы ҚР Туризм және спорт министрлігі спортшылардың жазғы және қысқы Азия ойындарына дайындығына жіті назар аударды.
Спортшыларымыз Әлем чемпионаттарында олимпиадалық спорт түрлері бойынша 18, олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша - 81, басқа да халықаралық турнирлерде - 334 медаль жеңіп қайтты. Ванкуверде өткен қысқы Олимпида ойындарында Қазақтанның ұлттық құрамасы он екі жылдық үзілістен кейін алғаш рет күміс жүлдеге ие болып, әлем спортшыларының үздік «ондығына» 7 қазақстандық атлет енді. Гуанджоуда (Қытай) өткен 16-жазғы Азия ойындарында отандық спортшылар 18 алтын, 23 күміс және 38 қоланы иеленді. Нәтижесінде Олимпиадалық спорт түрлері бойынша жалпы командалық есепте 4-ші, алтын медальдар бойынша 5 орынға табан тіреді», - деді министр.
Т.Досмұхамбетов сондай-ақ, жас өрендеріміз Сингапур қаласында өткен Жасөспірімдердің бірінші жазғы олимпиада ойындарында да үздік өнер көрсеткендігін атап өтті. «Ұлттық құрама екі алтын, екі күміс және екі қола медаль жеңіп алып, 204 мемлекеттің арасында 24-ші орынды иеленді»,-деді ол.