2010-жылы Қазақстандағы денсаулық сақтау саласын қаржыландыру үлесі Жалпы ішкі өнімнің 4 процентін құрайды

Министрдің айтуынша, "Қазақстан Республикасында 2005-2007-жылдарға дейін денсаулық сақтау саласын дамыту және жаңалауға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға" 165,7 млрд. теңге бөлініп, оның көлемі 2010-жылы Жалпы ішкі өнімнің 4 процентіне дейін жеткізіледі. 2005-жылы Қазақстанда алғаш рет саланы қаржыландыру көлемі Жалпы ішкі өнімнің 3 процентінен асады, деді ол.

Е.Досаевтың хабарлауынша, 2005-жылға арналған республикалық бюджетте денсаулық сақтау саласына арналған шығындар көлемі 26,5 млрд. теңгеге немесе 2004-жылғымен салыстырғанда 87,5 процентке артады.