2011 жылы Этно-мәдени бірлестіктерге жобаларды жүзеге асыру үшін гранттар бөлінеді

И.Тасмағамбетов Қазақстан халқы Ассамблеясының Астаналық филиалының мүшелері қашанда шығармашылық бастамаларымен, жобаларымен және іс-шараларымен ерекшеленетінін атап өте келе: олардың бұл потенциалын жергілікті бюджет есебінен материалдық қолдау мәселесі қарастырылып жатқанын айтты.

«Солардың арасында, биылғы жылдан бастап біз Этно-мәдени бірлестіктерге жобаларды жүзеге асыру үшін гранттар бөле бастаймыз. Бұл гранттар тиімді болғанын қалар едік. Егер біздің қаржылық қолдауымыз шығармашылық тұрғыдан өрлеуге септігін тигізіп жатса, бұл соманың жылдан жылға артуын қарастыратын боламыз», - деді әкім.

Қала басшысы алдағы уақытта сондай-ақ, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мемлекеттік және басқа да тілдерді үйретуге арналған лингвистикалық жастар лагері ашылатынын, онымен бірге этно-мәдени бірлестіктер ұлттық «мәдениеттермен» және костюмдермен толықтырылатынын қадап айтты.


Сонымен қатар бұған дейін тек концерттермен шектеліп келген 1-Мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні Елбасының тапсырмасына сәйкес биылдан бастап елорданы мекен еткен 100-ден астам ұлт өкілдерінің шеруімен сүйемелденетін болады.