«Бүгін қазақ тіліндегі жаңа, тұңғыш «Балапан» телеарнасының ашылуына жиналып отырмыз. Осы жоба Елбасының тапсырмасына сәйкес іске асырылды. 2011 жылы «Мәдениет», ал 2012 жылы «Білім» телеарнасын ашуды жоспарлап отырмыз», деп атап өткен министр жаңа телеарнаның болашағы мол болсын, балаларға тек жақсылық берсін деген тілегін жеткізді.
Айта кетейік, «Қазақстан» республикалық телерадио корпорациясының базасында құрылған бұл жаңа телеарна кабельдік желіде мемлекеттік тілде шығатын болады. «Балапан» балалардың көңіл көтеретін-танымдық телеарнасы 3 жастан 15 жасқа дейінгі ең жас қазақстандық аудиторияға арналған. Арна қыркүйектің 27-сі күнінен бастап көрсетіле бастайды.