2011-ші жылы Қазақстан Қытайға отын таблеткаларын жеткізе бастайды

«Биыл Қазақстан Қытайға отын таблеткаларын жеткізе бастайды», - деді Н. Назарбаев ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаомен дүйсенбі күні болған келіссөздер қорытындысына арналған брифингте.

Ол бұдан бұрын «Қазатомөнеркәсіп» АҚ мен Қытайдың ядролық өнеркәсіп корпорациясы стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойғанын хабарлаған.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан мен Қытайдың атом энергиясы саласындағы, атап айтқанда ядролық отынды бірлесе өндіру мен АЭС құрылысы саласындағцы серіктестігінде жақсы перспективасы бар.