2012 жылы әлемде журналистердің рекордты саны қаза тапты

деп хабарлады Халықаралық баспасөз институтының (International Press Institute, IPI) баяндамасына сілтеме жасап, Lenta.ru. Халықаралық баспасөз институты (IPI) 1997 жылдан бері есептер жасап келеді, 2012 жыл қаза болған журналистердің саны бойынша рекордты жыл болды.

БАҚ қызметкерлері үшін ең қауіпті ел Сирия болды, онда 2011 жылдың наурыз айынан бастап оппозициялық құрылымдардың үкімет күштерімен қарулы қақтығыстары жалғасуда. Сирияда 36 журналист қаза болды. Бұл ретте, IPI-ның пікірінше, көп жағдайларда тілшілер «шиеленістің кез келген тарапының насихаттық күш-жігерлеріне кедергі келтіруі мүмкін ақпараттардың таралуын тоқтату мақсатында» қасақана өлтірілді. Рейтингтің екінші орнында Сомали тұр. Ол жерде бір жыл ішінде 16 тілші көз жұмды.

Ең қауіпті өңірлердің тізіміне Таяу Шығыс пен Африка, сондай-ақ Мексика, Пәкістан және Филиппин мемлекеттері енді.

Халықаралық баспасөз институты ұсынған мәліметтерге қарағанда, 2011 жылы әлемде - 82, ал 2010 жылы 102 журналист ажал құшты.