2012 жылы коммерциялық жылжымайтын мүліктерді жалдау құны 5,2 пайызға артты

Өткен жылдың ішінде, тұрмыстық қызмет көрсету орындары - 10,1, өнідірістік ғимараттар - 7,2, ал сауда орындары 6,6 пайызға қымбаттаған.

Сонымен қатар 2012 жылы көлік жуу орындарының - 22,2, жаттығу залдарының - 19,5, бильярд залдарының - 15,3, шаштараздар мен сұлулық салондарының 12 пайызға қымбаттағандығы байқалды.

Ал дәмханаларды жалдау - 3,2, барларды жалға алу 3 пайызға арзандады.