"Шетелдік тәжірибені және саланы жаңарту жөніндегі жүйесінің нақты шараларды ескере отырып 2012 жылға дейін мәдениет, ақпарат және тілдерді дамытуға бөлінетін қаржы мөлшерін ЖІӨ 1% дейін ұлғайту қажеттілігі туындап отыр. Бұл еліміздің бәсекелестікке қабілетті 50 мемлекет қатарына енудің маңызды шарттарының бірі болып табылады", - деді Е. Ертісбаев.
Ол атап өткеніндей, 2007 жылы Қазақстанда мәдениетті дамытуға жұмсалытн шығындар ЖІӨ-нің 0,2% , ақпараттық кеңістікті дамытуға 0,1%, ал тіл саясатын жүргізуге 0,01% қаржы жұмсалады.
Оның айтуынша, "2007 жылы министрліктің бюджеті 2006 жылмен салыстырғанда 60% немесе 40,3 млрд теңгені құрады, ал 2008 жылы 50,6 млрд теңге бөлінді".