2012 жылы өтетін «Азия балалары - 2012» V Халықаралық спорт ойындарына дайындық

Оның хабарлауынша, бүгінгі таңда «Азия балалары - 2012» V Халықаралық спорт ойындарының ережесі бекітілді. «Сондықтан Азия құрлығының барлық спорт министрліктері, федерациялары мен комитеттері «Азия балалары - 2012» V Халықаралық спорт ойындарын өздерінің күнтізбесіне енгізіп, дайындық жұмыстарын бастаса болады», - дейді Д.Глушко. Саханың вице-президенті атап көрсеткендей, бекітілген ережеге сәйкес қатысушы елдің командасы 70 адамнан тұруы тиіс. «Ал волейбол, баскетбол мен футбол ойындары бойынша командалар бөлек жасақталады», - деп атап көрсетті ол.

Айта кетейік, «Азия балалары» Халықаралық спорт ойындары алғаш рет 1996 жылы ұйымдастырылған болатын. Ойындар Саха Республикасының Якутск, Мирный және Нерюнгри қалаларында 2012 жылы шелденің 4-16 аралығында спорттың 20 түрі бойынша өтпек. Ойындарға алғаш рет есту қабілеті төмен мүгедек спортшылар арасындағы еркін күрес, самбо және суда жүзу жарыстары енгізіліп отыр.