Оның атап көрсетуінше, базалық зейнетақы төлемдерін ескергенде ең төменгі зейнетақы көлемі 1998 жылдан бері 4,3 есе, ал зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 3,3 есе өсті. "2012 жылы Қазақстанда зейнетақының орташа көлемі 2,5 есе өседі", - деді президент.
Елбасының айтуынша, қазір республикалық бюджеттен мемлекеттік зейнетақыны 1,6 млн астам адам алуда.