"2009-2011 жылдарға арналған жаңа үш жылдық бюджет 2007 жылмен салыстырғанда орташа зейнетақы мөлшерін 2012 жылға дейін 2,5 есе, соның ішінде келесі жылы - 25%-ға, 2010 жылы - 25%-ға, 2011 жылы - 30%-ға өсіруді қамтамасыз етуге тиіс", - деп мәлімдеді президент.
Осы орайда Н. Назарбаевтың атап көрсетуінше, "2011 жылы базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50% дейін өсуге тиіс".
"2009 жылдан бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерінің ұлғаюы орта есеппен жылына 9%, бір жасқа дейінгі баланың бағым-күтіміне арналған ай сайынғы жәрдемақының кезеңмен ұлғаю мөлшері 2010 - 2011 жылдары 2007 жылғы жәрдемақы мөлшерінен орта есеппен 2,5 есе артық болатын деңгейге дейін жетуге тиіс",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Бұған қоса "2010 жылдан бастап төртінші және одан көп баланың тууына байланысты бір мәрте берілетін жәрдемақы мөлшері 2007 жылмен салыстырғанда 4 еседен артық болуға тиіс".
Бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы, Н. Назарбаевтың айтуынша, "2012 жылы екі есе деңгейге дейін, соның ішінде 2009 жылы - 25%-ға, 2010 жылы -25%-ға, 2011 жылы - 30%-ға кезең-кезеңмен өсіріледі".