2013 жылы бокстен әлем чемпионаты Астанада өтеді - АИБА Президенті


«Кеше Атқару комитетіне қазақстандық Бокс федерациясынан 2013 жылы кәсіпқой бокстан кезекті АИБА бүкіләлемдік чемпионатын Астанада өткізу туралы ресми өтініш келіп түскен болатын. Осынау дүбірлі доданы өткізу туралы қазақстандық тараптың барлық әзірлік бағдарламалары мен жоспарлары тыңдалды. Соның қорытындысына орай, Атқару комитеті бір ауыздан Астанаға аталған чемпионатты өткізуге мүмкіндік беру туралы дауыс берді», - деді Чинг-Куо Ву.