2013 жылы көші-қон заңын бұзғаны үшін 3,4 мыңнан астам шетел азаматы Қазақстан аумағынан шеттетілді

«Көші-қон заңдарын бұзғаны үшін 3402 шетел азаматы ел аумағынан шеттетілді, 1 млрд 638,7 млн теңге айыппұл салынды, оның 1 млрд 463,1 млн теңгесі немесе 89%-ы өндіріп алынды", - деп ол Primeminister.kz сайтына мәлімдеген.

С.Сайыновтың мәліметі бойынша, 2013 жылы көші-қон заңын бұзуға қатысты 272 қылмыстық іс қозғалды, бұл 2012 жылғымен салыстырғанда 34%-ға артық.