2013 жылы Лондон туристер арасындағы ең әйгілі қалаға айналды

Бұл туралы бүгін «Фигаро» француз газеті лондон билігінің мәліметіне сілтеме жасай отырып жазды.

Осылайша, Ұлыбритания астанасы Париж бен Бангкоктен алға озды. Былтыр туристер арасындағы ең әйгілі қала Франция астанасы болған.

Әкімшілік шенеуніктерінің пайымдауынша, лондондықтар мұндай нәтижеге британ астанасында 2012 жылғы Олимпиада ойындарының арқасында қол жеткізді.