«Пенитенциарлық жүйеге жұмсалатын шығын тұрақты түрде артып келеді. Соңғы 4 жылда қылмыстық-атқару жүйесінің бюджеті 54 пайызға артқан. Биылғы жылы оған 47,5 млрд теңге бөлінді», - деді ол «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне берген сұхбатында.
Ж.Асановтың айтуынша, «2012 жылы бір тұтқынды күтуге 580 мың теңге жұмсалған болса, 2013 жылы бұл сома 613 мың теңгеге жетті».
«Нақты мысал келтіруге болады. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында көршісінің 10 мың теңге тұратын затын ұрлаған әйел 3 жылға сотталған болатын. Оны бағуға мемлекет қалтасынан 1 миллион 700 мың теңге қаржы жұмсалды», - дейді Бас прокурордың орынбасары.
Сұхбатты агенттіктің www.interfax.kz ресми сайтынан оқуға болады.