2013 жылы Сириядан 11 Қазақстан азаматшасы мен 27 бала эвакуацияланды – СІМ

Биылғы жылы Сириядан Қазақстанның 11 азаматшасы балаларымен бірге эвакуацияланды.


           «Соңғы 6 айда Қазақстанның 11 азаматы мен олардың 27 баласының елге қайтуына жағдай жасалды», - деп дүйсенбідегі брифингте Сыртқы істер вице—министрі Қайрат Сарыбай мәлім етті.
           Олар Сирия азаматтарымен тұрмыс құрған әйелдер, деп түсіндірді Қ.Сарыбай.
           «Қақтығыс 2,5 жылдан бері жүріп жатыр. Біздің Сириядағы саяси және консулдық мекемелеріміз де Бейрутке көшуге мәжбүр болды. Біздің Сирия төңірегіндегі дипломатиялық өкілдіктеріміз қоныс аударуға қажеттілік туындаған жағдайда дереу көмек беруге дайын.
           Біз мұны ерікті түрде атқарамыз. Өздеріңіз білесіздер, консулдық тіркеуге тұруға ешкімді міндеттей алмаймыз.
           Біздің дипломатиялық өкілдіктеріміз консулдық есепте тұрғандар мен байланыс орнатқан азаматтарымызды эвакуациялауға көмектеседі», - деп қосты ол.