2013 жылы теңге 2,2 пайызға құнсызданды – Ұлттық банк


Өткен жылдың соңында теңгенің ресми бағамы 1 доллар үшін 153 теңге 61 тиынды құрады, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Хабарламаға сүйенсек, Қазақстан қор биржасында жүргізілген операциялардың ең азы наурыз айына, ең көбі тамыз айына тұспа-тұс келді.