2014 футболдан әлем чемпионатына жолдама алғандар мен турнирде жолы болмағандардың алғашқылары анықталды

Жолы болмағандардың алғашқылары Испания, Австралия және Камерун құрама командалары болып отыр.

Әлем және Еуропа чемпионы Испания құрама командасы бейсенбіге қараған түні екінші топтық кезеңде Чилиден жеңілгеннен кейін әлемнің мықты командасы атағынан айырылды.

Өзге матчта Австралия Голландиядан 2:3 есебімен жеңілді.

Испания мен Австралия жарыстың келесң кезегіне шығу мүмкіндігінен мерзімінен бұрын айырылды.


Чили мен Голландия топтық кезең аяқталғанға дейін екі жеңіске ие болып 1/8 ақтық сынға жолдама алды.

Сонымен қатар, Камерун – Хорватия тобының матчы өтті. Ол хорваттардың 4:0 ұпай жеңісімен аяқталды.