2014 жыл - Орталық Азия мұсылман жастарының білім және зияткерлік даму жылы деп жариялануы мүмкін


Онда Әзірбайжан, Иран, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Түркия елдерінің дінтанушылары ғалымдарды, ислам зияткерлерін, зайырлы саясаттанушыларды өз бастамаларына қолдау көрсетуге шақырды. Оның ішінде исламдық білім беруді реформалау және қайта құру, халықтың діни білімін арттыру, исламды радикалды түсіндіруді тоқтату мақсатында ғылыми әлеуетті арттыру және исламдық жоғары оқу орындарының дәрежесін көтеру, ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуге рухани әлеуетті барынша тарту жайы сөз болды. Сонымен бірге, тұрақты жұмыс істейтін ақпараттық және сараптамалық алаңдар құру ұсынылды. Алқалы жиында 2014 жылы Орталық Азия елдері мұсылман жастарының конференциясын өткізу туралы ойлар ортаға салынды.