Үкіметтің бұл туралы арнайы қаулысы ресми баспасөздің жұмадағы санында жарияланды.
«2014 жылдың 1-қаңтарынан бастап уәкілетті ұйымнан төленетін (2014 жылдың 1-қаңтарына дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерін) Қазақстан Республикасының 1998 жылы 1- қаңтарға дейін зейнетақы алған, зейнеткерлік жасқа толған азаматтарына, әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атағы, сыныптық шені бар қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, 2012 жылдың 1-қаңтарынан бастап сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған, сіңірген еңбегі үшін зейнетақы алуға құқығы бар адамдардың зейнетақысы тоғыз пайызға арттырылсын», - делінген қаулыда.
Құжат келер жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енеді.