178 ел қатысатын рейтингте Қазақстан 100 балдың 63,7-сін жинаған. Бұл туралы бейсенбі күні еліміздің Экономикалық зерттеулер институты хабарлады.
Былтыр Қазақстан аталған рейтингте 68-ші орынға тұрақтаған болатын.
Зерттеу авторлары Қазақстанда инвестициялық, іскерлік және қаржылық еркіндіктің күшейгенін атап өтеді.
Биыл «экономикасы еркін» елдер тобына Гонконг, Сингапур, Австралия, Жаңа Зеландия, Швейцария мен Канада еніп отыр. АҚШ оныншы орыннан он екінші орынға түскен.