2014 жылы Алматы метрополитенін күтуге 5 млрд теңге қажет

«2014 жылы жергілікті бюджеттен дотация бөлуді көздеп отырмыз. Бұрын метрополитенді күтуге кететін шығын республикалық бюджеттен бөлінген болатын», - деді Ю.Ильин.

Әкімдік мәліметінше, пайдалануға берілген екі жыл ішінде метро 1 млрд теңгеден астам пайда тапқан.

«Әлемдік тәжірибеде қай елде болса да метрополитен дотациялық схема бойынша қаржыландырылады. Өйткені, шығын көп шығады, ол тіпті, жолаушысы көп үлкен қалаларда да өзін-өзі жаппайды», - деді Ю.Ильин.

Оның айтуынша, келесі жылы метрополитенге жарнама орналастыру арқылы 100-120 млн теңге пайда табу көзделген.


Алматы метросы екі жылда 13 млн астам адам тасыған. Күн сайын жерасты жолын 24 мың жолаушы пайдаланыд екен.