Оқушылардың айлық билеті 1 мың 850 теңгеге, студенттер билеті қазіргі 2250 теңгеден 2800 теңгеге, зейнеткерлердің айлық жол жүру билеті 1500 теңгеден 2000 теңгеге дейін қымбаттамақ.
«Дотациялық шығындарды жергілікті бюджет есебінен қаржыландырмас үшін мәслихат жеңілдігі бар жол жүру билеттерін қымбаттату туралы шешім қабылдады», - деп түсіндірді Ю.Ильин.
Оның айтуынша, ай сайын жеңілдетілген бағамен салытаны билеттерді 140 мың адам пайдаланады екен. Оның 80 мыңға жуығы студенттер, 40 мыңға жуықы зейнеткерлер, 20 мыңы оқушылар көрінеді.
Ал, бір айлық жол жүру билетінің толық құны 6 мың теңге.
Сонымен қатар, келесі жылдың ақпанынан бастап Алматыда таксиден өзге қоғамдық көліктердің бәріне ортақ жол жүру билеттері сатыла бастамақ.