2014 жылдан бастап әрбір қазақстандыққа тегін медициналық көмек көрсету үшін айына 800 теңгеден астам ақша бөлінеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық көмек ұйымдастыру департаментінің директоры Ажар Төлеғалиева мәлімдеді.
«Келесі жылдан бастап еліміздің әрбір тұрғынына оның сырқат немесе дені сау екеніне қарамастан 800 теңгеден астам қаржы қаралған. Егер сырқаты болмаса да әрбір азаматқа 50 диагностикалық, емдік қызмет қаралған, бұл қызметті жыл сайын көруге болады», - деп А.Төлеуғалиева
Тұрғындар пайдаланбаған қаражат қайта бөлінеді. Тұрғындарды орташа алғанда 30-40%-ы сырқаттанады, оларға 50 қызметтен және қарапайым анализдерден де астам қызмет көрсетіледі, бұл қаражат сырқаттанып қалған азаматтардың амбулаторлық деңгейде тегін емделуіне жіберілмек.
Қазіргі кезде әрбір қазақстандыққа аймақ бюджетіне қарай айына шамамен 500 теңгеден келеді.