"Қаржы жүйесін дамыту мен банк секторын сауықтыру ерекше назарды керек ететін мәселе. Қазақстан Републикасының Ұлттық банкімен бірлесіп мынадай шаралар көзделген. Банктерден жаман активтердің сатып алынуын қаржылық қамтамасыз ету үшін Ұлттық банк жанындағы "Несиелер қоры" АҚ-ын Ұлттық қор есебінен 250 млрд теңге көлемінде капиталдандыру көзделген, ол қаржы 2014 жылы бөлінбек", деді ол Астанада дүйсенбіде баспасөз мәслихатында.
2014 жылдың 1-шілдесіне дейін бұл қордың жұмысы туралы тұжырымдама қабылданады. Сонымен қатар, биылғы жылдың 1-маусымына дейін ішкі рынокты ұлттық валютада ұзақ мерзімді қорландырумен қамтамасыз ету мақсатында зейнетақы активтерін басқару жөніндегі тұжырымдама қабылданады. Және де биыл маусымда қаржылық секторды 2030 жылға дейін дамыту жөніндегі тұжырымдама қабылданады, деп хабарлады министр.
Алдында президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан 2014-2015 жылдары экономика өсіміне ықпал ететін жобаларға Ұлттық қордан 1 трлн теңге бөледі, деп мәлімдеген болатын.
Наурыз айының соңында қарағанда Қазақстан Ұлттық қорының активтері 72,787 млрд долларды құраған.