«Қазірдің өзінде Қазақстанда инфляция қарқыны күшейгенін байқап отырмыз. (...) Ұлттық валюта бағамының төмендеуіне байланысты туындап отырған бұл процесс әлі бір-екі ай жалғасады деп ойлаймын», - деп компанияның Ресей, Қазақстан және Украина жөніндегі бас экономисі Иван Чакаров мәлім етті.
Оның айтуынша, 2014 жылы Қазақстандағы инфляция Ұлттық банк ұсынған деңгейде, яғни 7 пайыз көлемінде сақталады.