Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа мәжілісінде мәлім болды.
«2014 жылдың басынан бастап жануарлардың аса қауіпті 194 ауруы тіркелді, оның 166 ошағы жойылып, жергілікті атқарушы органдардың шешімімен жабылды. Қалған 28 ошақта ветеринарлық-карантиндік шаралар өткізілуде», - деп атап өтілген министрлік мәліметінде.
Атап айтқанда, 2013 жылдың сәкес кезеңімен салыстырғанда, ауыл шаруашылығы жануарларының індеттерінің ошақтары тоғыз пайызға төмендеді (2013 жылы 211 ошақ тіркелді).
2012 жылы Халықаралық эпизоотикалық бюромен келісілген Қазақстанның ветеринарлық қызметін жаңғырту стратегиясына сай аусылмен күресудің жоспары әзірленді. 2016 жылы еліміз аусыл бойынша таза аймақ мәртебесін алуды жоспарлап отыр.