2014 жылы Қазақстанға Литва премьері ресми сапармен келеді

Литва премьер-министрі Альгирдас Буткявичюстің Астанаға сапарына дайындық мәселесін талқылады, деп сыртқы саяси ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сонымен қатар, кездесу барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Вильнюске сапарын ұйымдастыру мүмкіндігі қаралады.

Ресми Вильнюс Қазақстан сыртқы істер министрінің Литваға 2000 жылдан бергі алғашқы сапарын жоғары бағалады.


Сапар барысында министр Қазақстан мен Литва сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық бойынша 2014-2015 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарына қол қойды.