«Қазақстанның ІЖӨ-і соңғы төрт жылда қатарынан 5 пайыздан асқан жоқ. 2013 жылы да сондай көрсеткіш берді. Бұл Қазақстанды ТМД-дағы ең серпінді дамып келе жатқан мемлекетке айналдырды. Citi тобының болжауынша, 2014 жылы аймақтағы тұрлаусыздық пен Қытайдағы құлдырауға байланысты Қазақстанныі ІЖӨ-і 5 пайыздан аспайды», - деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің Алматыдағы баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында компанияның Ресей, Қазақстан және Украина жөніндегі бас экономисі Иван Чакаров мәлім етті.
Маманның пікірінше, Қазақстан экономикасының дамуына ықпал ететін негізгі фактор – тұтыну шығындарының артуы.
«Қазақстанда тұтыну саласы дербес несиелеу көлемінің артуы есебінен дамып келеді. Дербес несиелендіру мұнда 2011 жылдың орта шеніне қарай жағымды деңгейге көтерілді. 2014 жылы ол былтырғыға қарағанда 30 пайызға артады деген болжамымыз бар», - деп түсіндірді И.Чакаров.