2014 жылы ҚР-ның мұнай-газ саласындағы қазақстандық үлес 54%-ға жетті - В.Школьник

«Ақтаудағы аймақтық жергілікті қамту мәселесі жөніндегі форум аясында ҚР Энергетика министрлігінің қолдауымен, Маңғыстау облыстық әкімдігі мен  жер қойнауын пайдаланушылар арасында сомасы 300 млрд. теңгеден астам болатын меморандумға қол жеткізілді», - деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің сайты облыс әкімдігіне сілтеме жасап.  

«Бүгінгі қол қойылған меморандумдар отандық тауар өндірушілерді қолдау мен жұмыс орындарын сақтауға бағытталған», - деді В. Школьник.

Құжаттарға қол қою барысында министр мұнай-газ компаниялары сомасы 3 трлн. теңгеден асатын өнімдер, жұмыстар және қызметтерді сатып алғанын және оның 54%-ы отандық кәсіпорындарға тиесілі екенін атап өтті.  

Министр өткен жылдың соңында Елбасы Нұрсұлтан Назварбаевтың Жолдауына сәйкес 2020 жылға дейінгі «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы жасалғанын еске салды.  


Сондай-ақ ол, қазақстандық үлесті ұлғайту саясаты отандық бизнесті қолдау ісіндегі маңызды шаралардың бірі екенін атап өтті.

«Қазір елдің әр аймағының экономикалық салаларының субъектілері  бірігіп, бір жүйеде жұмыс істейтін уақыт келді», - деді Энергетика министрі Владимир Школьник.