2014 жылы Қытайда терроризм үшін қанша адам сотталды?


Бұл туралы ҚХР Жоғары халықтық сот төрағасы Чжоу Цян мәлімдеді.
«Біз терроризм мен сепаратизмге қарсы белсенді күрес жүргіземіз. Біз терроризм мен  халыққа қауіп туғызатын өзге қылмыстар үшін заңмен қатаң жаза қолданамыз», - деп ол Жалпықытайлық халықтық өкілдер жиналысының сессиясында атап көрсетті.
Оның мәліметі бойынша, 2014 жылы сот органдары осы саладағы қылмысқа қатысты 558 істі қарастырған, бұл 2013 жылы қаралған істерден 14,8% артық.
Чжо Цян мемлекет қауіпсіздігін, халық бірлігі мен әлеуметтік тұрақтылықты батыл қорғаймыз деп атап өтті.