«Доллар бағамының 185 теңгеге дейін өзгеруіне байланысты 2014 жылы Ұлттық қордан 1 трлн 480 млрд теңге траснферттеледі. Бұл бюджетте бекітілгеннен 100 млрд теңгеге артық», - деп сейсенбі күні үкіметте 2014 жылдың бюджетіне енгізілген түзетулермен таныстыру барысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
Бұрынғы жоспар бойынша, 2014-2016 жылдары бюджетке 1 трлн 380 млрд теңге аударылуы тиіс болатын.