«Биылғы жылы Жамбыл облысындағы қоғамдық мәнге ие шаралар ретінде аймақтың Қазақстанның әкімшілік территориясы ретінде құрылуының 75 жылдығын атап өтпекпіз, - деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков. - Сондай-ақ жерлесіміз, қазатың әйгілі халық ақыны Кенен Әзірбаевтың 130 жылдығы мен саналы ғұмырын, қайраткерлік қызметінің басым бөлігін осы өңірде өткізген саяси қайраткер Тұрар Рысқұловтың 120 жылдық мерейтойларын тойлаймыз».
2013 жылы аймақта Шу аданының тумасы, ұлы бабамыз Төле бидің 350 жылдығы кеңінен атап өтілді. Сондай-ақ облыс жұртшылығы белгілі жазушы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әкім Таразиді 80 жылдығымен және белгілі қоғам қайраткері, журналист әрі әдебиеттанушы Арғынбай Бекбосынды 75 жылдығымен құттықтаған болатын.
«Биылғы жылы біз «Нұр Отан» партиясының құрылуының 15 жылдығына да шаралар өткізбекпіз. Ал 2015 жылы Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл толады. Сондықтан, осы шайқасқа қатысқан жауынгерлерімізге арналған барлық ескерткіштерімізді жөндеп-жасқауымыз қажет. Мұндай айтулы мерейтойларды атап өту үшін алдын ала әзірлік жұмыстарын жүргізуіміз керек», - дейді Б.Орынбеков.