2015 жылдан бастап еурокодтар жүйесіне көшуіміз қажет - ҚР Президенті

«2015 жылы-ақ еурокодтар жүйесіне көшуіміз қажет. Құрылыс саласындағы сараптама бойынша қызметтің басым бөлігін бәсекелестік ортаға беру қажет. 2020 жылға қарай мемлекеттік емес сараптамалық жұмыстардың үлесі 90 пайызға жетуі тиіс. Жыл соңына дейін құрылыс үшін жер телімдерін беру амалдарын түбегейлі жеңілдету, жер телімдерінің, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің де жалға берілу мерзімін кеңейту қажет», - деді Қазақстан Президенті.

Сонымен бірге Мемлекет басшысы зияткерлік меншікті қорғау жүйесін қайта қарауды және бұл салада ОЭСР елдері стандарттарына көшуді тапсырды.