2015 жылдан бастап Қазақстанда Кеден одағының техрегламентіне сәйкес келмейтін алкоголь өнімдерін импорттауға тыйым салынады


Бұл туралы жарлыққа еліміздің бас санитарлық дәрігері қол қойды, деп хабарлайды Ұлтық экономика министрлігі Тұтынушылар құқын қорғау комитетінің баспасөз қызметі.
«Кәсіпкерлік нысандарына әкімшілік жүктемені төмендету мақсатында қосымша уақыт берілді. 2014 жылдың 1-маусымына дейін әкелінген алкоголь өнімдрі 2015 жылдың 1-қаңтарына дейін сатылып бітуі тиіс», - делінген хабарламада.