«Парламент Мәжілісіне 2015 жылға бюджетті нақтылау туралы заң жобасы келіп түсті. Осы орайда ҚР Ауыл шаруашылығы желісі бойынша қаржыландыру 20 млрд. теңгеге артқанын айтқым келеді. Яғни, Үкімет пен Парламент қазіргі экономикалық жағдайда бірінші кезекте ауыл шаруашылығын қаржыландыру керектігін жақсы түсініп отыр», - деді депутат.
Бұл тұрғыда ол тарихи тәжірибеге сүйене отырып, күрделі экономикалық ахуалдан ауыл шаруашылығы саласы оң көрсеткіштермен шығатындығын атап өтті.
«Естеріңізде болса, 2008 жылы әлемдік дағдарыс кезінде бірінші кезекте Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласы 2008-2009 жылдардың қорытындысы бойынша өсімді көрсетті», - деп тоқталды халық қалаулысы.