Бұл туралы «Astana Innovations» АҚ басқарма төрағасы Әлтайыр Уызбаев хабарлады.
«Wi-Fi BUS» дегеніміз автобустарға арналған тегін интернет. (...) Әдетте, автобусқа мінген адам уақытының көбі жолға кетеді. Бұл жүйе ұялы телефон немесе планшет арқылы интернетті тегін пайдалануға мүмкіндік береді. Әкімдіктің бұл бастамасын ұялы байланыс операторлары да қызу қолдап отыр. Биылғы жылдан бастап жүз шақты автобусты тегін интернетпен қамтамасыз етуді көздеп отырмыз», - деді Ә.Уызбаев.
Оның айтуынша, алдымен интернет орнатылатын автобустар мен бағыттар тізімі жасалады.
«Аталған автобустардың жолаушылары ғаламторды тәп-тәуір жылдамдықпен пайдалануға мүмкіндік алады» дейді Ә.Уызбаева.
Бірақ, кино көруге немесе музыка тыңдауға мүмкіндік болмайды. Жолаушылар интернеттегі материалдарды тегін оқи алады.
«Шілде айына дейін 50 автобусқа интернет орнатамыз. Қысқа дейін жобаға тағы 50 автобус қосылады», - деп қорытты ол.