Бұл туралы Астана әкімдігі жанындағы Мемлекеттік рәміздер комиссиясының отырысында Қазақстан стандарттау институты директорының орынбасары Нұртас Өтешев мәлім етті.
«Стандартқа өзгеріс биылғы жылы жазда енгізілді. О 2015 жылғы маусымнан бастап күшіне енеді. Бұл мерзім ішінде өнідірушілер өз өндірістерін өзгертіп, жаңғыртып үлгереді», - деді ол.
Оның айтуынша, Елтаңбаның түсі, көлемі және кей тұстары өзгертілетін болады.
«Жылдар өте келе кез келген өнім өзгереді, ескіреді. Елтаңба да сондай өзгерісті қажет етуде. Тиісінше Мемлекеттік рәміздерді өндірушілерге шығарылып қойылған Елтаңбаға 3 жыл мерзімге кепілдік беру талабын енгізу ұсынылды», - деп түсіндірді Н.Өтешов.
Оның айтуынша, Қазақстанда 40-қа жуық Мемлекеттік рәміздерді өндірушілер бар. Ол сонымен бірге Елтаңбаның ескі үлгісі 2017 жылғы жазға дейін ауыстырылатынын жеткізді.