2015 жылы борышкерлер айппұлдарды тікелей әуежайларда төлей алатын болады

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Әділет вице-министрі Бақытжан Әбдірайымов мәлім етті.

Айта кетейік, қарызы бар немесе әкімшілік айппұлдарды төлемеген қазақстандықтар шетелге шыға алмайды. Бұл мәселені шешу үшін министрлік арнайы терминалдарды әуежайларда, теміржол және автокөлік вокзалдарында орнатуды ұсынып отыр.

«Яғни, қарызы бар азаматтарға электронды форматта айппұлдарды төлеуді қолжетімді етпекпіз. Менің ойымша, бұл қалыпты өркениетті тәжірибе және осы тәжірибені алдағы жылдан бастап енгізуді жоспарлап отырмыз», - деді министрдің орынбасары.