2015 жылы Екібастұзда темір-бетоннан бөрене жасайтын кәсіпорын іске қосылмақ


Жобаға салынатын инвестиция көлемі 3,3 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне индустриалды-инновациялық даму басқармасы өкілдері хабарлады.
Жоба жүзеге асырылған жағдайда шойын жол кәсіпорындары қырлы темір-бетон бөренелер жиынтығымен қамтамасыз етіледі. Жаңа өндіріс ошағының қуаты жылына 850 дана жиынтық шығаруға мүмкіндік береді. Негізгі тұтынушылардың бірі – «Қазақстан темір жол» компаниясы мен тұйық жолдар мен подъезд жолдарының қожайыны болып саналатын жеке компаниялар.
Кәсіпорын іске қосылғаннан кейін 50 адам жұмыспен қамтылмақ.