Бүгін Астанада Литва Премьер-Министрі Альгирдас Буткевичюстің қатысуымен өткен келіссөздерден кейін ҚР Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов осылай мәлім етті.
Бүгін шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында өзара ынтымақтастықтың ауқымды мәселелері талқыланғанына тоқталған К.Мәсімов, бұл тұрғыда көліктік мәселелерге, өзара инвестицияларға ерекше мән берілгендігін атап өтті.
«Қазақстан биыл Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруді жоспарлап отыр. Осы орайда Қазақстанның осы ұйымға енуіне қолдау көрсеткені үшін Еуропалық Одақ пен Литваға алғысымызды білдіреміз», - деді ҚР Үкіметі басшысы.