2015 жылы Қазақстанда сот құжаттарының электронды мұрағаты пайда болады


Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бұл ақпараттық жүйені әзірлеу ұзақ сақтау, сот өндірісінде жүйесінде сот құжаттарының электронды көшірмесін мәтін немесе деректемелер бойынша іздеу және толтыру мақсатында электронды мұрағаттық сот құжаттарын орталықтандырылған сақтау қажеттігінен туындады, делінген ЖС бүгінгі хабарламасында.
Жүйені пайдалануға енгізу нәтижесінде сот отырысына қатысушыларға сот жүйесінің интернет ресурстары арқылы электронды түрде мұрағат құжаттарының көшірмесін алу мүмкіндігі беріледі.
Электронды мұрағат енгізу құжаттардың сақталуын қамтамасыз етіп қана қоймай, оларды тасымалдау шығынын қысқартады және апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатыларында жедел қаралуын қамтамасыз етеді.