2015 жылы "ҚазТрансОйлдың" шоғырланған таза пайдасы 3,7% төмендеді

2015 жылы "ҚазТрансОйлдың" шоғырланған таза пайдасы 44,713 млрд теңгені құрады,бұл өткен жылдың осы кездегі мерзімімен салыстырғанда 3,7% төмен, делінген компанияның халықаралық стандарттарға сай шоғырланған аудиттелген қаржылық есебінде.


"ҚазТрансОйл" АҚ бойынша жеке алғанда 2015 жылдың нәтижелері бойынша таза пайда 79 млрд 642,7 млн теңгені құрады, бұл 2014 жылдың көрсеткішінен 38% жоғары.
Аталған мерзімде компанияның активтері 5,8% артқан, - 619 млрд 263 млн теңгеге дейін, өзіндік капиталы 3,3%, 472 млрд 932 млн теңгеге дейін, міндеттемелері 14,5%, 146 млрд 331 млн теңгеге дейін.